Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот Сауалнама Кітапханашыға сұрақ

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

31 қазан – Университет күні құтты болсын!

31.10.2026 KZ 1
31 қазан – Университет күні құтты болсын!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 35 жылдық мерейтойы аясында «35 жыл: дәстүр, даму, болашақ» атты ІІІ Түлектер форумы өтті.
 Аталған іс-шараға орай университет кітапханасы Мәдениет орталығында ауқымды әрі мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге университеттің қалыптасу тарихы мен даму кезеңдерін танытатын кітаптар мен мерзімді басылымдар, Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары, университет ректорының мақалалары, сондай-ақ түлектердің ғылыми, шығармашылық және кәсіби еңбектері қойылды. Көрме университеттің жүріп өткен жолын, білім мен ғылым саласындағы жетістіктерін және түлектердің табысты еңбек жолын кеңінен танытуға бағытталды.Көрме 35 жылдық тарихты кітап тілімен сөйлетіп, университет пен түлектер арасындағы рухани сабақтастықты айшықтады.
Университетіміздің 35 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қарашаңырағымыздың абыройы асқақтап, білім мен ғылым жолындағы жетістіктері арта берсін!

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР