Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот
Кітапхана Басты бет Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің  кітапханасы профессор-оқытушылар құрамы, білімгерлер мен ғылыми қызметкерлерге оқу-іздену барысында оқулықтар, оқу – әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар мен электронды ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапхана материалды-техникалық тұрғыда заманауи талаптарға сай жабдықталған, 4 қабатты, жертөлесімен 6472 ш.м.   6 оқу залы  (әр сала бойынша оқу залдары,  электронды оқу залы)  540 орынмен қамтылған. Білімгерлердің  пайдалануына қолайлы болып, өз бетінше еркін жұмыс жасай алуы үшін  оқу залдарының  кітап қоры білім саласы бойынша, халықаралық стандартқа сай ашық түрде орналастырылған. Кітапхананың 1-ші қабаты фойесінде білімгерлердің өз бетінше еркін  жұмыс жасауы, пікір-сайыстар, тренинг семинарлар ұйымдастыру  мақсатында  90 орындық «Coworking»  аймақ  жасақталды. Заманауи талаптарға сай безендіріліп,  екі проекционный экранымен екі проектор қойылды. 1-ші қабаты фойесінде «Coffee boom iktu library»  үшін арнайы бөлме  жасалды. 

    Оқу залдары жеке және  топтық  жұмыстармен дайындалатын оқырмандар үшін арнайы кабиналармен жабдықталған. Бірінші және екінші  қабаттарда әр қайсысы 95 орынды екі конференция залдары бар. 4 – ші қабатта оқырмандар үшін  арнайы жабдықталған   асхана жұмыс жасайды.  Кітапханада 6 модульді  ИРБИС -64 +  бағдарламасы  бойынша   жұмыс жасалып, электронды каталогтар толықтырылуда. Кітап қорын сақтау мақсатында, барлық оқу залы кітаптары RFID жүйесіне енгізілді. 

    Кітапхана  қорындағы ақпараттық ресурстарды кеңінен пайдалану мақсатында кітапхана сайтының  3 тілде lib.ayu.edu.kz  білім порталына  электронды оқулықтарды  және жаңа түскен кітаптар туралы ақпараттық бюллетендер, кітапханадағы өткізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер енгізіледі.. 

      Университет  кітапханасы оқырмандар назарына халықаралық   толықмәтінді деректер қорларын пайдалануға жағдай жасалынған.  Scopus http://scopus.com/ Web of Science http://apps.webofknowledge.com/ SciVal аналитикалық платформасы: http://www.scival.com/ https://onlinelibrary.wiley.com , https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov, 

https://polpred.com «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша дәлелді медицинадан халықаралық  EBSCO базасының DynaMED  дерекқорлар базасынын пайдалуға мүмкіндіктеріміз бар.  https://search.ebscohost.com.   Сонымен қатар,   Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электронды кітапхана  (www.rmeb.kz , Ұлттық академиялық кітапхана www.kazneb.kz , «IPR SMART» платформасының электронды 

     Кітапхананың  оқу залдары үзіліссіз,   сағат  9-00 – ден кешкі 23-00 – ге  дейін екі ауысымда   жұмыс  жасайды.