Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент кампусы
Жоғары білімнен кейінгі білім алушыларға кітапхана тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Білім алушылардың мамандығына сай кітап қорымен (оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар, ғылыми әдебиеттер, анықтамалықтар, терминологиялық сөздіктер, цифрлық тасымалдағыштардағы эл. оқулықтар қорымен) жабдықталған және ұдайы жаңартылып отырады. Жалпы кітап қоры 2258 дана. Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына ақпараттық қызметтің барлық түрі, жаңа түскен материалдармен ақпараттық күндер өткізу, сұраныстарына лайық ақпараттық- библиографиялық қызметтер жүргізіледі. Кітапхананың жұмыс жоспарына сай жылдың атаулы күндеріне ауқымды іс-шаралар (кітап көрмелері, шолу, тақырыптық кештер мен әдеби конференциялар ұйымдастырылып отырады.
Кітапхана оқырмандарына арналып ақпараттық күн өткізілді, жаңа түскен оқулықтарға кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесі жанында шолу жасалынды. Кітап көрмесінде көрмеленген материалдар бірнеше күн бойы сол кітап көрмесінде оқырмандардың жете танысуына мүмкіндік берілуде
Оқырмандар сұранысына қарай тақырыптық топтамалар да дайындалып ұсынылады.
Шымкент кампусы кітапханасында бір қызметкер оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.