29 қазан – Түркия Республика күні
29 қазан – Түркия Республикасы күніне орай университет кітапханасы ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мерекелік көрме – бауырлас түрік халқына деген құрметтің және қазақ-түрік достығының жарқын көрінісі. Тарихы тамырлас, рухани құндылықтары ортақ екі ел үшін мәдениет пен білім саласындағы байланыстың маңызы зор. Осы орайда кітап – халықтарды жақындастырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтатын рухани көпір.
Университет кітапханасының ұжымы барша түрік бауырларымызды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Түркия еліне бейбітшілік пен тұрақтылық, өсіп-өркендеу, ал халқына амандық пен бақ-береке тілейміз. Қазақ-түрік достығы нығайып, білім мен ғылым жолындағы ортақ жетістіктеріміз арта берсін!
Барша оқырмандарды мерекелік кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Галерея