ИТАЛЬЯНДЫҚ ЖАЗУШЫ РОБЕРТО БОЛТРИМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Бүгін кітапханамызға итальяндық жазушы, Орталық Азиядағы экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесші Роберто Болтри қонаққа келді. Кездесуге жазушының шығармашылығына қызығушылық танытқан оқырмандар жиналды. Қатысушылар автордың қызметі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен танысып, еркін пікір алмасты. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Роберто Болтри өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға құнды ақыл-кеңесін ұсынды. Сондай-ақ студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, тарихты терең зерделеуге және үнемі ізденісте болуға шақырды. Кездесу соңында автор өзінің кітабын кітапхана қорына сыйға тартты. Тағылымды жүздесу қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, мазмұнды сұхбат пен жылы естеліктерге ұласты. аударма
Галерея