«Оң мен сол»: ой мен тағылым тоғысқан әдеби кеш
Қазан айының 9 жұлдызында университет саябағында кітапханашылар мен кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубымен бірлесе отырып, Мұхтар Мағауиннің «Оң мен сол» әңгімесіне арналған әдеби талдау өткізілді. Ашық аспан астындағы кітаптар мен майшамдар кешке ерекше сән беріп, жылы әрі сырлы рухани атмосфера шығарма талдау барысында көркемдік мәнін ашты.
Кездесуге Жастар орталығының басшысы Әскербекова Айдана, жетекші маманы Эргаштаев Шохзод және үйлестіруші Ілесова Ақерке құрметті қонақ ретінде қатысты. Талдау барысында клубтың жаңа мүшелері шығармадағы адам болмысы, ішкі қайшылық, таңдау мен таным мәселелері туралы еркін пікір алмасты. Студенттер әңгіменің идеялық-философиялық мазмұнын Аристотель мен Платонның тұжырымдарымен, Абайдың қара сөздерімен және Алаш зиялыларының шығармаларымен салыстырып, рухани үндестігін терең саралады. Мазмұнды кездесу жастардың көркем шығарманы терең түсінуіне, сыни ойлау қабілеті мен әдеби талдау мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік берді. Кеш соңында клуб жұмысына белсенді атсалысып жүрген студенттерге алғыс хаттар табысталды.
Галерея