«БІР КІТАП – МЫҢ ТАҒЫЛЫМ»
Қыркүйек айының 29 жұлдызында университет кітапханасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабына арналған «Бір кітап – мың тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында кітаптың мазмұны мен негізгі бағыттары талқыланып, әділетті қоғам, заң мен тәртіп, ұлттық құндылықтар, білім мен ғылым, жастар, тіл, елдің болашағы секілді маңызды мәселелер төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынды.
Қатысушылар кітаптағы тағылымды ойларды талқылап, қоғам дамуы мен ел болашағына қатысты өз көзқарастарын білдірді. Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, кітаптың тәрбиелік әрі танымдық маңызын ашуға мүмкіндік берді. Талқылауды қорытындылау мақсатында қатысушыларға ChatGPT көмегімен әзірленген танымдық сұрақтар мен тест тапсырмалары ұсынылып, кітап мазмұны бойынша білімдерін саралап, өз ойларын жинақтауға мүмкіндік берілді.Кітап – рухани азық, ойға жол ашар құндылық.
Бір кітаптың тағылымы – мың ойға бастайды!
Галерея