Қожа Ахмет Ясауи және Абай: рухани сабақтастық
23 қараша күні университетіміздің Мәдениет орталығында «Ясауи философиясындағы парасаттылық пен ізгілік» атты студенттер форумы аясында «Қожа Ахмет Ясауи және Абай: рухани сабақтастық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Рухани мазмұнға бай көрмеде түркі дүниесінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи мен қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының баға жетпес мұрасы кеңінен таныстырылды. Көрменің алғашқы бөлімінде Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, хикметтері және философиялық еңбектері ұсынылса, келесі бөлімдерде Абайдың өлеңдері, қара сөздері мен рухани-танымдық туындылары оқырман назарына ұсынылды. Екі ұлы тұлғаның шығармашылық мұрасын тоғыстырған көрме олардың дүниетанымындағы ортақ құндылықтарды, адамгершілік пен ізгілікті, парасаттылық пен білімге ұмтылу идеясын айқындай түсті. Ясауи мен Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге, руханиятқа бағдар, адамзаттық құндылықтардың мәңгілік қайнары!
Галерея