Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот Сауалнама Кітапханашыға сұрақ

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

«RUKHANIYAT QUIZ» – білім мен зияткерліктің жарқын финалы!

23.11.2026 KZ 13
«RUKHANIYAT QUIZ» – білім мен зияткерліктің жарқын финалы!

   23 қараша күні университет кітапханасының ұйымдастыруымен «Rukhaniyat Quiz» интеллектуалдық ойынының қорытынды финалы өтті.

Білім мен тапқырлықты, жылдам ойлау мен зеректікті талап еткен сайысқа төрт факультеттің үздік командалары қатысып, өзара бақ сынасты.               

   Қатысушылар «Зияткерлік старт» кезеңінде білімдерін саралап, «Тұлғаны тап» кезеңінде танымдық қабілеттерін сынады. Ал «Ойлы сөз» кезеңінде ой ұшқырлығы мен сөз тапқырлығын көрсетсе, «Көшбасшылар шайқасы» кезеңінде командалар шешуші бәсекеге түсіп, өзара мықтыны анықтады.

   Әр кезең қызықты сұрақтар мен тартысты сәттерге толы болып, командалар өздерінің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілеті мен шапшаңдығын көрсете білді.

   Нәтижесінде, ІІІ орынды Спорт факультеті, ІІ орынды Филология факультеті, І орынды Медицина факультеті иеленсе, сайыстың ең жоғары марапаты – Бас жүлде Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушы факультеттер арнайы сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

   «Rukhaniyat Quiz» – жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтетін, зияткерлік әлеуетін шыңдайтын ерекше алаң.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР