Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот Сауалнама Кітапханашыға сұрақ

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНДА САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ «ҚЫЛАУ» ӘҢГІМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ.

20.11.2026 KZ 14
УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНДА САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ «ҚЫЛАУ» ӘҢГІМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ.

20 қараша күні университет кітапханасында кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубының ұйымдастыруымен қазақ прозасының көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесіне арналған әдеби талқылау өтті. Рухани жүздесу барысында қатысушылар жазушының сырлы да шынайы баяндау мәнеріне үңіліп, шығарманың идеялық мазмұны мен астарлы мағынасын кеңінен саралады. Кейіпкерлер болмысы мен оқиға желісіне қатысты өрбіген ой-пікірлер туындының көркемдік табиғатын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Әрбір айтылған пікір, әрбір пайым шығарма әлеміне жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әдеби талғам мен рухани танымды байыта түсті.
Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесі –қарапайым тіршілік көріністерінің өзінен терең тағылым мен адамдық болмыстың нәзік иірімдерін танытатын көркем туынды. Ал бүгінгі әдеби кездесу – сөз құдіретін сезініп, шығарма арқылы ой бөлісіп, рухани үндестік тапқан ерекше жүздесу болды.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР