Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот Сауалнама Кітапханашыға сұрақ

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

«Ойдан дағдыға – IQ Steps» Кітапханада «Шал мен теңіз» повесіне арналған әдеби ойталқы ұйымдастырылды

25.11.2026 KZ 4
«Ойдан дағдыға – IQ Steps» Кітапханада «Шал мен теңіз» повесіне арналған әдеби ойталқы ұйымдастырылды

Қараша айының 25-жұлдызы университет кітапханасының ұйымдастыруымен «Ойдан дағдыға – IQ Steps» марафоны аясында Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесіне арналған әдеби ойталқы ұйымдастырылды. Көркем шығарманың мазмұнына терең үңіліп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру және өз көзқарасын білдіру мақсатында өткен шараға студенттер белсенді қатысты. Интеллектуалдық ойынға қатысқан студенттер төрт топқа бөлініп, үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде шығармаға қатысты тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын анықтаса, келесі кезеңде «Мен Сантьягоның орнында болсам...» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Топтар өз пікірлерін постер арқылы жүйелеп, шығарманың идеясы мен кейіпкердің болмысына қатысты тың көзқарастарын ұсынды.Әр кезең студенттердің білімін ғана емес, сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін, топпен жұмыс істеу дағдыларын да шыңдады.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР