Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

«Ұлы Абай - тағылым жалғастығы»

02.10.2026 KZ 9
«Ұлы Абай - тағылым жалғастығы»

Түркістан қаласының ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» қалалық марафоны аясында профессор, ғалым Сейдулла Садықұлының  75 жылдығына арналған «Ұлы Абай - тағылым жалғастығы» атты байқау өткізілді.

Бұл сайыс Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы, Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханалары арасында өткізілді. Университет кітапханасының «Толық адам» тобының құрамында кітапханашылар және ФҚӘ-311Б тобының 4 курс студенті Лескенқызы Ұлбала және ТДТ-311 тобының 4 курс студенті Мәулен Хасан қатысты.   Байқау барысында қатысушылар Абайдың қарасөздеріндегі терең ой мен философиялық тұжырымдарды саралап, өзара пікір алмасып, хакім мұрасының мәнін ашуға ұмтылды. Екінші кезеңде «Абай қарасөзін қазіргі қоғаммен байланыстыру» тақырыбында сахналық көріністер қойылып, ақынның адамгершілік, білім, еңбек, ар-ұят туралы ойлары бүгінгі қоғам тынысымен ұштастырылды. Үшінші кезеңде қатысушылар Абай тағылымынан алған өнегесін ойлы сөзбен өрнектеп, шешендік қабілеті мен білім-білігін танытты.

 Байқау қорытындысы бойынша І орынды Фараб кітапханасының «Сегізаяқ» тобы, ІІ орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасының «Толық адам» тобы, ІІІ орынды Алтынсарин кітапханасының «Алтынсарин»  тобы иеленді.

Осындай тағылымды басқосулар арқылы Абай сөзі жаңғырып, ұлы ойшылдың рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Абай тағылымы – ұлттың рухани темірқазығы, ал оның өнегелі сөзі – ұрпаққа қалдырған мәңгілік аманаты.

 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР