КІТАПХАНАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін университет кітапханасының ұйымдастыруымен медицина және стоматология факультеттеріңің оқытушылары мен білім алушыларына арналған ақпараттық вебинар өтті. Вебинар барысында қатысушыларға кітапхана сайтының құрылымы мен мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылып, электрондық деректер базалары, цифрлық ресурстар және оларды оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану жолдары туралы толық ақпарат берілді. Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Вебинар қызу талқылауға ұласып, кітапхананың электрондық мүмкіндіктерін кеңінен танытуға бағытталған пайдалы ақпарат алаңына айналды.
Галерея