ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ КІТАПХАНАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
2026 жылғы 14 қазанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусындағы медицина факультетінде кітапхананың электрондық ресурстарын таныстыруға арналған ақпараттық вебинар өтті.
Вебинар барысында оқытушылар мен білім алушыларға университет кітапханасының электрондық базалары, оларды оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар электрондық ресурстарға қол жеткізу, қажетті ғылыми ақпараттарды іздеу және толықмәтінді материалдарды пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, электрондық ақпарат көздерін қолдануға қатысты пайдалы мәліметтер алды. Вебинар білім алушылар мен оқытушылардың кітапхананың цифрлық мүмкіндіктері туралы білімін кеңейтіп, электрондық ресурстарды белсенді пайдалануға бағыт берді.
Іссапар аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапханасына да арнайы сапар жасалды. Сапар барысында кітапхананың тыныс-тіршілігімен, қызмет көрсету бағыттарымен, кітап қоры және оқырмандарға ұсынылатын заманауи мүмкіндіктерімен танысуға жағдай жасалды.
Кездесу кәсіби тәжірибе алмасуға, кітапхана қызметін жетілдіру бағытындағы жаңа бастамалармен танысуға және жоғары оқу орындары кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Галерея