Университет кітапханасында «Руханият Quız» интеллектуалды ойыны өтті.
Университет кітапханасының ұйымдастырумен факультет студенттері арасында кезекті «Руханият Quız» интеллектуалды ойыны өтті. Білім мен тапқырлық тоғысқан сайысқа Заң факультеті, Филология факультеті және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің командалары қатысты.
Қатысушылар «Зияткерлік старт», «Тұлғаны таны», «Ойлы сөз», «Мақалды жалғастыр» және «Көшбасшы шайқасы» кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды. Бір кезеңде жылдамдық пен жалпы білім сыналса, келесі кезеңдерде тарихи таным, сөздің астарлы мағынасын ашу, халық даналығын білу және көшбасшылық қабілет бағаланды.
Ойынға Жастар орталығының жетекші маманы Ілесова Ақерке Ғазизқызы, кітапханашы Махатова Мереке және «Руханият» клубының төрағасы Тұрап Ақерке әділқазылық етті. Интеллектуалды сайысты кітапханашы Қожахмет Аружан жүргізді.
Тартысты ойын қорытындысында білімімен, шапшаңдығымен және ұтымды жауаптарымен ерекшеленген Филология факультетінің командасы «Руханият Quız» интеллектуалды ойынының финалына жолдама алды. Алда шешуші сын мен білімділердің үлкен бәсекесі күтіп тұр!
Галерея