Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Тіл – ұлттың рухани қазынасы

05.09.2026 KZ 50
Тіл – ұлттың рухани қазынасы

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай университет кітапханасында «Тіл – ұлттың рухани қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тағылымды іс-шара өткізілді.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы. Ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеуге арналған шарада тарих пәнінің оқытушысы Ақайдарова Ақмаржан және 1–2 курс студенттері белсене қатысты. Кеш барысында Төлеген Айбергенов пен Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жақын жырлары оқылып, көрерменге рухани әсер сыйлады.

Тіліміз тұғырлы, рухымыз биік болсын!

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР