Бірінші курс студенттерінің кітапханамен алғашқы таныстығы
Жаңа оқу жылының басталуына орай университетіміздің бірінші курс студенттері кураторларымен бірге кітапханаға таныстыру экскурсиясына келуде. Экскурсия барысында білім алушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен, қызмет көрсету бөлімдерімен, кітап қорымен, электрондық ресурстарымен және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысуда.
Құрметті бірінші курс студенттері! Студенттік өмірлеріңіз сәтті басталып, білім жолындағы әр қадамдарыңыз табысты болсын! Кітапхана сіздердің ізденістеріңізге бағыт беретін, жаңа білім мен тың идеяларға жетелейтін сүйікті орталарыңызға айналсын. Жаңа оқу жылында мол жетістік, шығармашылық шабыт және биік белестер тілейміз!
Галерея