ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Осы мерекеге орай оқу ордамыздың кітапханасында арнайы іс-шара өтті.
Кітап сыйлау күнінің мақсаты – адамдардың бір-біріне кітап сыйлауы арқылы, оны оқуға деген қызығушылығын арттыру, жақсы көңіл-күй сыйлау.
Айтулы күннің қарсаңында университетіміздің орталық кітапханасында кітаптың құдіретін арттырып, студенттердің кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, дәстүрлі кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
Жиында алғашқы сөз тізгінін алған кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова баршаны Халықаралық кітап сыйлау күнімен құттықтады. Кітапхана қорына түрлі жанрдағы оқулықтарды сыйға тартып, акцияға белсене қатысқан жандарға ризашылығын білдірді.
Акция аясында кітапхана қорына оқу ордамыздың профессоры Камалбек Беркімбаев, Нағима Қошанова, Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы, т.б оқытушы-профессорлар 40-қа жуық кітап тарту етті.
Іс-шара соңында «Руханият» клубының мүшесі әрбір жасты кітаппен қамтамасыз ету мақсатында бастаған «Ауылға кітап», «50 кітап» жобалары, ай сайынғы кітап талқылау жиындары туралы ақпарат берді.
Айта кетейік, кітапханамызға кітап сыйлау акциясы әлі де жалғасуда.

         

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games