Кітапхананы пайдалану ережесі

Осы ереже  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасының  «Кітапхана туралы нұсқаулығы» негізінде құрылған және жалпы оқырмандарға қызмет көрсету тәртібін, оқырмандар мен кітапхана арасындағы  міндеттері мен құқықтарын ретке келтіріп отырады.

1.Оқырман құқықтары

Оқырман құқылы:

  • Кітапхана ұсынған кітапханалық – библиографиялық  және ақпараттық қызметтерді пайдалануға;
  • Кітапхана қоры құрамы бойынша толық ақпарат алуға, ақпарат көздерін іздеу және таңдауда кеңес  көмегіне жүгінуге  құқылы;
  • Құжаттарды уақытша  үйге немесе  оқырмандар залында қолдануға құқылы;
  • Құжаттарды немесе олардың  көшірмелерін белгіленген электронды құжаттарға қол жеткізу  тәртібі  бойынша алуға құқылы;
  • Кітапханада өткізілген іс –  шараларға   қатысуға;
  • Кітапхана әкімшілігіне  түрлі  сұраныстар және  ұсыныстар тастауына;
  • Уақытша үйге кітап алуға : білімгерлер 2 кітапты – 3 күнге; оқытушылар 3 кітапты – 10күнге.
  1. Оқырман міндеттері

Кітапхананы қолдануда  нақты Ережелерді орындау:

  • Кітапхана қыхметін университеттің оқытушы – профессорлар құрамы, магистрант, докторант, студенттер, қызметкерлер тегін, қолжетімді пайдалана алады;
  • Оқырман билеті университет кітапханасының барлық оқу залдарын пайдалануға құқық беретін бірден-бір құжа.
  • Студенттерге оқырман билетін  алу үшін 3х4 2 дана фотосурет, төлқұжат және деканаттан анықтама қажет, оқытушылар мен қызметкерлерге жұмыс орнынан (кадр бөлімінен) анықтама және фотосурет қажет.
  • Оқу залдарына кіргенде студенттер оқырман билетін көрсетіп кіруге міндетті.
  • Оқырман билеті әр  оқу жылында қайта тіркеуден өткізіледі. Тіркеуден өтпеген оқырманға кітапхана қызметі көрсетілмейді.
  • Бөгде билетті пайдалануға және өз билетін біреуге беруге қатаң тыйым салынады.
  • Кітапты сызуға, жыртуға қатаң тыйым салынады. Кітапты  жоғалтып немесе жыртқан жағдайда орнына дәл сондай кітап әкеліп беру немесе кітаптың нарықтық құнын өндірілуі (кітап дүкендерінен жылы жаңа, саласына байланысты оқулықтармен өтелуіне) талап етіледі;
  • Кітапхана ішінде тыныштық және тазалық сақтауына, басқа оқырмандармен сондай – ақ, қызметкерлермен дұрыс қарым – қатынаста болуына;
  • Оқу жылы аяқталған соң  студенттер, оқытушылар, қызметкерлер қолдағы кітаптарды өткізіп кетуге міндетті. Ал оқуды бітірген студенттер және жұмыстан шыққан қызметкерлер кету қағазын толтырып кетуге міндетті.
  • Оқырмандарға кітап қоры сақталған бөлмелерге кіруге қатаң тыйым салынады.Керек кітаптарын  электрондыы католог арқылы тауып алып, кітапханашыға сұраныс жасайды;
  • Кітапханаға қатысы жоқ жиналыс, сабақтар оқу залдарында өткізілуіне қатаң тиым салынады.
  • Кітапхана ережесін бұзған оқырмандарға қатаң түрде шара қолданылады. Деканаттарға, жұмыс орынан хабарланады, 10 күн көлемінде кітапхана қызметі көрсетілмейді.
  1. Оқырмандарға рұқсат етілмейді:
  • Кітапханадан оқырманның электронды формулярына жазылмаған  құжаттарды алып шығуына;
  • Өз  оқырман билетін өзге оқырманға беруге;
  • Кітапхана аумағына сырт киіммен, сөмкемен кіруіне;
  • Кітап қоймалары мен қызметкерлер бөлмесіне рұқсатсыз кіруге;
  • Құнды кітаптар, альбомдар, атластар, энциклопедиялар, сөздіктер, мерзімді баспасөз басылымдары, диссертациялық жұмыстар, жалғыз дана кітаптар үйге берілмейді. Оқырман ол кітаптарды тек оқу залында пайдалана алады.
  1.  Университет кітапханасының құқықтары мен міндеттері

Кітапхана оқырман  құқықтарын жүзеге асыра отырып:

  • Университетте оқытылатын мамандықтарға сай кітап қорын қалыптастыру;
  • Оқырмандарды  кітапхана қорының қағаз нұсқасына,  электронды және басқа да түрінде қолжетімділігін  қамтамасыз ету;
  • Оқырмандарға  кітапхана қорының құрылымы  жайында, электронды мәліметтер  қоры және басқа кітапханалық – ақпараттық мәлімет түрінде жеткізу;
  • Оқырмандарға ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңес беру,  олардың ақпараттық мәдениеттерін арттыру;
  • Сақтаулы және пайдаланылып жүрген кітапхана қорынан табылған құжаттарға есеп жүргізу;
  • Кітапхана қорының сақталуына  жауапкершілікпен қарау;
  • Ақпараттық – танымдық жұмыстарды өткізу, оқырмандардың ішкі құндылықтарын арттыратын, ғылыми  дүниетанымын, шығармашылық ойлауын  кеңейтетін кең ауқымды шаралар өткізу;
  • Кітапханада оқырмандардың  жұмыс жасауы үшін    жақсы жағдай жасау.
  1. Оқырмандардың  кітапханаға жазылу тәртібі
  • Кітапханаға жазылу барысында оқырман белгіленген тәртіп бойынша нақты ережелермен танысады және оқырман билетін алады.
  • Студенттер, магистранттар және аспиранттар университетке қабылданғаны жайлы бұйрық және 2 фотосурет негізінде кітапханаға жазылады.
  • Оқытушылар мен қызметкерлер үшін жеке куәлігі, кадр бөлімінен анықтама және 2 фотосурет қажет.
  • Оқырман билетінің жарамдылық мерзімі – 1 оқу жылы; оқырман билеті әр оқу жылында қайта тіркеуден өткізіледі.
  • Оқырман билеті суретімен, штемпелімен, қайта тіркеуден өткендігі жөнінде белгісімен ғана  жарамды.
  1. Кітапхананың электронды оқу залын пайдалану ережелері
  • Оқу залында қызмет көрсету оқырман билеті бойынша жүргізіледі.
  • Алғашқы рет залға кіргенде пайдаланушы зал қызметкерінен тіркеуден өтеді және залды пайдалану ережесі және техника қауіпсіздігі  бойынша нұсаулықпен танысады.
  • Интернет желісі арқылы оқу үрдісіне қатысты мәлімет іздеу барысында ізделінетін ақпарат тақырыбы арнайы журналға тіркелуі тиіс.
  • Интернет желісінде жұмыс жасау үшін студенттер үшін 1 сағат, оқытушы, аспирант, магистранттар үшін 2 сағат уақыт беріледі.
  • Пайдаланушылар құрал – жабдықтарға жауапты қарауы міндетті, компьютерлік құрылғылардың істен шыққанын көрсе, жедел түрде зал қызметкеріне хабарлауы керек.
  • Жеке хат алмасуға рұқсат етілмейді;
  • Басқа бағдарламаларды үйренуге, жеке жұмыстарын жазуға, өз дискісімен жұмыс істеуге, ойын ойнауға, кино көруге рұқсат етілмейді.
  • Компьютердегі параметрлерді өзгертуге қатаң тыйым салынады.
  • Жүйедегі бас компьютерді оқырмандардың пайдалануына рұқсат етілмейді.
  1. «Кітапхананы қолдану ережесін» бұзғаны үшін оқырман жауапкершілігі:
  • Осы ережені жүйелі немесе дөрекі түрде бұзатын оқырмандар, кітапхананы пайдалану құқығынан 1 ай және одан да көп мерзімге айырылады.
  • Осы ережелерді дөрекі бұзғандар туралы мәлімет деканатқа қарастыруға жіберіледі.