Кітапхана тарихы

Кітапхананың өсуі мен дамуы университет тарихымен тығыз байланысты. Университеттің жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі ретінде Кітапхана профессорлар-оқытушылар құрамы, білімгерлер мен ғылыми қызметкерлерге оқу-іздену барысында мемлекеттік білім беру стандарттарына сай оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар және электронды ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсетеді.

2016 жылы университет кітапханасы материалды – техникалық тұрғыда заманауи талаптарға сай жабдықталған, 6472 шм көлемді аумақта орналасқан, 4 қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа кітапхана 6 оқу залды 540 орынды, білімгерлердің пайдалануына қолайлы болып, өз бетінше еркін жұмыс жасай алуы үшін кітап қоры білім саласы бойынша халықаралық стандартқа сай ашық түрде орналастырылған. Кітапхананың оқу залдары нормативтік талаптарға сай орындармен, жарықтандырумен қамтамасыз етілген. Оқу залдары жеке дайындалатын оқырмандар үшін арнайы кабиналармен, топтық жұмыстармен айналысу үшін жеке бөлмелермен жабдықталған. Пайдаланушылар тегін интернет желісі, WI-FI-мен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Түркия Өкілетті Кеңес тарапынан TUBITAK ULAKBIM толықмәтінді деректер қорын пайдалануға жағдай жасалынды. 2010 ж. бастап университет кітанханасы Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖООЭК) (rmeb.kz), Ұлттық академиялық кітапханамен (kazneb.kz) т.б. екі жақты келісім-шарт негізінде кітапханааралық байланыс орнатылған. Кітапхана жұмысы толығымен автоматтандырылған. Кітапхананың ақпаратты ресурстарын толыққанды пайдалану мақсатында кітапханалық 6 модульді ИРБИС – 64 бағдарламасы бойынша жұмыс жасалады. 2016 жылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, барлық оқу залдары кітаптары RFID жүйесіне енгізілді.

Пайдаланушылар кітапхана қызметін кеңінен пайдалану мақсатында кітапхана сайтының lib.ayu.edu.kz білім порталына электронды оқулықтарды және жаңа түскен кітаптар туралы ақпараттық бюллетендер, кітапханадағы өткізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер енгізіледі.

Кітапхана қорын тиімді пайдалану, оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында институциональды репозиторий жасалынды.