Кітап қорын қалыптастыру тәртібі

Кітап қоры ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2016 ж. № 44 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітап қорын қалыптастыру және сақтау» бұйрығына сәйкес толықтырылады.

Университет кітапханасының кітап қоры университет профилінің ерекшеліктері мен алатын мамандықтарына, кафедралардың білім беру бағдарламалары  бағыттары бойынша анықталады. Құжаттар бакалавр, магистр, докторант  мамандарды даярлау бағыттарымен іріктеледі. Құжаттарға тапсырыс рәсімдеу баспалардан, кітап сататын мекемелерден, сонымен қатар университет кафедраларынан келіп түскен жазбаша сұраныстардың ақпараттық материалдары бойынша бір жыл көлемінде жүргізіледі. Оқу құжаттары университет бағдарламаларына және оқу жоспарына сәйкес «Білім беру қызметтерін лицензиялау барысында ұсынылатын талаптармен» (№ 391 17 маусым  2015 ж. ҚР үкіметінің қаулысы) кафедра сұраныстары бойынша жинақталады. Кафедралар сұраныстардың сапалы және сандық сипаттамасын анықтайды және ҚР БҒМ/ОӘС РОӘК грифімен оқу құжаттарына мән береді.

Жаңа түскен кітаптар туралы  мәлімет сала бойынша   факультеттерге  «Ақпараттық  бюллетендер»  жазбаша  және  электронды  түрінде    беріледі, кітапхананың  сайтына  қойылады.

Формалар