АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ

Университет кітапханасының конференция залында кітапхана ұжымы, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Тарих» кафедрасымен бірлесе «Міржақып Дулатұлының саяси қызмететінің маңызы» атты дөңгелек үстел өтті.
Кітапхана қызметкерлері тақырыпқа орай кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға «Тарих» кафедрасының ОПҚ құрамы, білімгерлер және Түркістан қаласындағы Төле би атындағы № 19 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушылары және ұстаздары қатысты.
Дөңгелек үстел модераторы ТТА -011 тобының студенті Мұрат Беркінбаев Алаш арыстары жайлы, соның ішінде Міржақып Дулатұлының өмірбаяны, саяси қызметі, тарихта қалдырған орны жайлы баяндама оқып , «Оян қазақ» атты түсірілімді көрсете отырып, кеш қатысушыларының патриоттық рухын оятып, терең зерттеп, оқуға шақырды.
Кеш соңында баяндамашы Мұрат Беркінбаев кітапханаға, «Тарих» кафедрасына Алаш арыстарының кітаптарын сыйға тартты.

       

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games