КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін университетімізде кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубының ұйымдастыруымен «Кітапхана – рухымның мекені » атты іс-шара өтті.
Кітап атты қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, оқырмандар игілігіне жаратып жүрген кітапханашылардың еңбегі орасан. Осы тұста университетіміздің вице-ректорлары Эльмира Идрисова және Мустафа Нурсой бастаған қонақтар да кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кітапхана қызметкерлеріне арнаған «Құттықтау хатын» табыс етті.
Кеште білімгерлер кітапханашыларға арналған өлеңдер оқып, әннен шашу шашты.

                                                                         Кітапхана  әкімшілігі

        

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games