Университетіміздің 30 жылдығына орай кітап сыйлау акциясы өткізілді.

Қазан айының 14-ші жұлдызында  университетіміздің  30 жылдық  мерейтойына орай  «Терең тарихтан – жарқын болашаққа !» атты  түлектер форумы  өткізілді. Форумның  бағдарламасы өте ауқымды болды. Университетіміздің негізін қалаушы, алғашқы ректорымыз   Мұрат Жұрынұлы  Жұрынов,  ардагер оқытушы – профессорлар, алғашқы түлектер университетке келіп кездесіп, жүрекжарды тілектерін айтып, естеліктерімен бөлісті.  Университет кітапханасы осы іс-шараға орай «Терең тарихтан – жарқын болашаққа !» атты  ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге барлық оқытушы-профессорлар мен түлектеріміздің жазған еңбектері қойылды. Аға буын түлектеріміз қазіргі оқып жатқан білімгерлеріміз үшін мастер класстар өткізілді.  Сонымен қатар, бағдарламаға сәйкес «Университет кітапханасына кітап сыйлау акциясы» ұйымдастырылды. Қонаққа келген түлектер қазіргі кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныса келе, кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты.  Атап айтсақ, 1995 жылғы «Экономика» факультетінің түлегі,  ҚР «Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығы» АҚ президенті, э.ғ.к., доцент Айтжанов Алдаш , 1995,1999 жылғы түлектер Сағымбай Айгуль, Есембаев Бекжан, 1997 ж «Заң» факультетінің түлектері  оқырмандарымыз үшін кітапхана қорына қажетті  кітаптарды тарту етті. Жалпы  акция бойынша  кітапханаға берілген кітап саны -40 дана.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games