Университет кітапханасында өткен  кездесу

       Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті кітапханасында  25.05.2022 ж. ерекше кездесу кеш өтті. Кеш қонақтары Америка Жазушылар қауымдастығының «Алтын қалам» сыйлығының иегері Геке (Джейк) Маринай мен өзбектің  ақын қызы  Хосиет ханым болды. Албан – Американдық ақын Г.Маринайдың  еңбектерінің  тәржімалануы  арқылы оқырмандар соғысты , қиыншылықты  көп көрген  ақынның азаматтық позициясымен,  тұлғалық ой –санасын өзге халықтармен жақындастыра білді. Бұл ақынның еңбектерін тәржімалаған Хосиет ханым, Түркістандық кітапханашы – зейнеткер апайымыз Алима Пашанова мен журналист Жібек Искакова және бұл еңбекті ғылыми тұрғыда зерттеп, сараптап,қазақ әдебиетінің тағы бір оқулықпен толығуына үлес қосып отырған университетіміздің «қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ақын  Досбол Ислам екендігін ерекше атап өткіміз келеді. Кеш соңында  Г.Маринайдың «Ай сәулесін құшақтап»   атты оқу құралының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games