Кітапхана қоры тағы да толысты

Бүгін университетіміздің кітапханасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор,географиядан республикалық атаулы мектебінің ғылыми жетекшісі Ұлжалғас Есназарова мен география оқулықтарының авторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры Амангелді Темірбеков қонақта болды. Қадірлі меймандар оқу ордамыздың кітапханасына өздерінің кітаптары мен әдістемелік оқу құралдарын сыйға тартты.
Аталған жиынға өңір мектептерінің география пәнінің мұғалімдері мен болашақ географтар қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуір күні оқу ордамызда «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбындағы география пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өткен болатын. 300-ден аса географ мамандар қатысқан шарада өзекті мәселелер көтеріліп, министрлікке өз базыналарын жеткізген еді.
Ұлжалғас Әмзеқызы жиналған жұртшылыққа сол сьездің өтуіне ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы ұйытқы болғанына аса ризашылықпен тоқталды. Бүгінгі таңда география пәнін оқыту жүйесіне съезд шешімдерінің іске асуын республика мұғалімдері күтіп отырғанын айтты. Соның бірі — мектептер мен ЖОО-нда Қазақстан географиясы пәнін оқыту жүйесінің қайта оралатындығы.
Шара барысында ендігі кезекте Түркі тілдес елдер географиясына көп көңіл бөліп, сол бағытта жұмыс жасау керекпіз деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар өлкетану бағыты бойынша бүкіл түркі дүниесінің астанасы Түркістан қаласы мен Түркістан облысының географиясын барынша зерделеп, оны жасап шығу керек дегенді жеткізді. Себебі, туған жерді отанды сүю үшін оны жақсы білуің керек деп қорытындылады.
Келелі кездесуде мұғалімдер сөз алып, қонақтарға үлкен алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірге жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Съезде көрмеге қойған оқулықтарын ХҚТУ кітапханасына сыйға берді.
idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games