Университет кітапханасы жаңа оқулықтармен толықтырылды

04.02.2020 ж. университетіміздің  кітапханасында “Ақпарат күні” өткізіліп, жаңа кітаптардың таныстырылымы жасалды. Таныстырылымға университет ректоры Б.Абдрасилов, вице-президенттер, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.
Университеттің Ақпараттық – ресурстық орталығының кітап қоры кафедралар тарапынан 2019-2020 оқу жылында берілген сұраныстар негізінде сатып алынған кітаптармен толықтырылды. Барлық оқулықтар кітап қорына енгізіліп, техникалық өңдеуден өтіп, оқырмандар назарына ұсынылды.
Университет тарапынан 48,5 млн. теңге бөлініп, 12800-ге жуық оқулықтар, монография, оқу құралдары сатып алынды.

Кітаптардың басым бөлігі «Медицина» мен «Стоматология» саласы бойынша алынды. Себебі университет білімгерлерінің 40 % осы екі факультет құрайды.Сонымен қатар кітап қоры Өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдыз мырзаның  қолдауымен Туркия тарапынан алынған кітаптармен, университет оқытушы – профессорлардың кітаптарымен толықтырылып отырады

   

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games