SciVal аналитикалық платформасы

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап біздің университет Elsevier компаниясы ұсынатын SciVal аналитикалық платформасына жазылды.
Платформаға http://www.scival.com/ сайты бойынша Университет компьютерлерінен Elsevier ұсынатын ресурстарда (ScienceDirect, Scopus) тіркелген логин және парольді енгізу арқылы кіруге болады. Тіркелмеген жағдайда регистрациядан өту керек.
SciVal – ғылыми жағдайды бағалаудың және ғылыми-зерттеу қызметінде университеттің жаңа мүмкіндіктерін табудың аналитикалық құралы. SciVal 12000-нан астам ғылыми-зерттеу институттары мен әлемнің 230 елінің зерттеу нәтижелеріне жылдам және оңай қол жеткізуді ұсынады.

Жазылым аясында бізге келесі модульдер қол жетімді:
• «Overview» — зерттеу жұмыстарының нәтижелерін визуализациялау;
• «Benchmarking» — әр түрлі ұйымдардың статистикалық мәліметтерін университетпен салыстыру, әр түрлі өлшемдерді қолдану арқылы зерттеу топтары мен жеке зерттеушілерді салыстыру;
• «Collaboration» — жеке секторларда, елдерде, континенттерде оңтайлы ынтымақтастықтар іздеу.
• «Trends» — қазіргі зерттеу бағыттарына шолу, зерттеу стратегиялары мен жұмыстың басым бағыттарын анықтау;
• «Reporting» — университеттің зерттеу стратегиясын қолдау үшін арнайы жасалған есептерді құру.

SciVal бойынша қосымша ақпарат алуға болатын ресурстар:
• SciVal-ді вебинар форматында көрсету (ағылшын тілінде): https://www.brighttalk.com/webcast/13819/317029
• Elsevier-дің ғылымды жіктеуге және зерттеу тақырыбының өзектілігін (көрнектілігін) бағалауға көзқарасын сипаттау (ағылшын тілінде): https://www.elsevier.com/solutions/scival/releases/topic-prominence-in-science
• Elsevier сарапшылары көрнекті тақырыптар әдістемесі мен оны қолдану сценарийлері туралы әңгімелейтін вебинарлар: https://www.brighttalk.com/webcast/13819/286349, https://www.brighttalk.com/webcast/13819/281741/scivals-topic-prominence-in-science
• SciVal өлшемдері бойынша анықтамалық нұсқаулық: https://www.elsevier.com/research-intelligence/resource-library/research-metrics-guidebook

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games