Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кеш өтті

Университетіміздің кітапханасында Ақпараттық ресурстық орталығы мен Өнер және спорт факультетінің «Актерлық өнер» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен Фариза Оңғарсынованың туылғанына 80 жылдығына арналған «Жыр -менің планетам!» тақырыбында кеш өтті. Мақсаты — Фариза апамыздың шығармаларын жас ұрпаққа таныту, насихаттау.
Жиынға оқу ордамыздың оқытушылары мен студент жастар қатысты. Кешті «Рухани Жаңғыру» ҒТО директоры Ләззат Динашева ашып, іс шараның маңыздылығын атап өтті.

«Рухани Жаңғыру» ҒТО директоры Ләззат Динашева:

-Бүгінгі кештің тәрбиелік мәні жоғары. Фариза Оңғарсынованың шығармаларында Отан сүйгіштік, адалдық, нәзіктікпен қатар саяси-әлеуметтік тақырыптар да суреттелген. Туған жер, Отан- Ананы, табиғатты нақты қамтыған. Орыс, туысқан республикалардың ақындары мен Чили ақыны П.Неруданың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Бүгінгі студент-жастарымыздың бастамасын қолдаймыз, алдағы уақытта Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауды, кең көлемде ұйымдастыруды жалғастырады деген ойдамыз. Бүгінгі кешті ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Шығармашылық табыстар тілейміз!
Кеш студенттердің поэзия әлемінің падишасы Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінен үзінділер оқудан басталды. Жас актерлеріміздің Фариза апамыздың өмірінен алынған сахналық көрінісі көрермендерге ерекше әсер етті.

Кешті оқу ордамыздың Ақпарат орталығының басшысы Тельман Бейсенов қорытындылап, кештен алған әсерімен бөлісті:

«Бүгінгі кештен ерекше әсер алдым. Кешті ұйымдастырушылар мен жастарға алғыс айтамын. Мен бір кездері жұмыс бабымен 7 жылдай Батыс өңірінде ақпарат саласында қызмет атқардым. Сол кезде Фариза апамызды және заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлын ауқымды іс шараларда, кездесулерде көп көретін едім. Олардың тұщымды әңгімелерін тыңдап, сұқбаттар да алған кезіміз болды. Жыр маржаны Фариза Оңғарсынованың артында қалдырған өшпес ізін жалғастырып жатқан жастарымыздың өнерін көріп, ұлтымыздың болашағы жарқын екендігіне үлкен сеніммен қараймын. Жас актерларымыздың образдарды шығарудағы шеберліктеріне тәнті болдым. Осындай жалынды жастарымыз тұрғанда біздің еліміздің болашағы кемел болары сөзсіз. Жастарымызға шығармашылық табыстар тілеймін. Әрқашан халқымыздың біртуар перзенттерінің шығармаларын кейінгі ұрпаққа насихаттау, таныту жолында талмай еңбек ете беріңіздер»-деп сөзін аяқтады.

«Актерлық өнер» мамандығының 2 курс студенті Сиғватолла Ғарифұлы:

-Мен осы оқу орнында білім алу үшін Орал қаласынан келдім. Бүгінгі кешті 5 желтоқсан Фариза Оңғарсынова апамыздың туылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырдық. Кештің мақсаты — жастарға ақын өлеңдерінің идеялық мазмұнын ұғындыру, өлеңдері арқылы адами қасиеттерге баулу. Ақынның азаматтық бейнесін ашу және жастардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алу болып табылады. Бүгінгі кеште Фариза апамыздың сөздеріне жазылған әндерді орындаймын.

«Актерлық өнер» мамандығының ұстаздары мен студенттері ұйымдастырған кеште Фариза Оңғарсынованың сөздеріне жазылған әндер шырқалды.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games