«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы талданды

2019 ж. қарашаның 12-ші жұлдызында Қожа  Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық- ресурстық орталығының кітапханашылары  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы негізінде әдеби кеш ұйымдастырды. Қазақ әдебиетінің тарихи роман жанрына, поэзия, аудармаға кесек туындыларымен олжа салған жазушының шығармашылығы турасында кеш қонақтары Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Р.Есбалаева, «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Д.Сартбаева, кітапханашы Ә.Жақсылықова және «С.Ерубаев әдеби клубы» мен «Руханият» клубының студенттері толымды ой айтып, романға талдау жасады. Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Тірісінде қалтқысыз ыстық ықылас, өлісінде татаусыз тағзым тек құшағың толып аялап, ауызың толтырып мақтауыңа жараған марғасқа азаматтарға ғана бұйырған» – дейтін тәмсілі өзіне де арналғанын білді ме екен… Әр детальді қиюын тауып, дәл қолданатын әңгіме шеберінің өзі өмірден өтсе де өзіне деген құрметтің толастамайтынын әлбетте білген болуы керек. Бүгінгі кеш жазушы қаламының ұшынан төгілген маңғаз ойларды тағы бір еске түсіріп, көркем сөздің құдіретін асқақтатты.

Кеш соңында «Әдебиет» бөлімінің кітапханашысы Ш.Қуанышбаева жазушы туралы ең маңызды пікір айтқан «Филология»  факультетінің студенттері Н.Қабасов, Е.Төлеутай мен Р.Досжановаға сыйға кітап тарту етті. Сонымен қатар, кітапханада «Коворкинг»бөлімінде аптаның әр сейсенбісін тәуелсіздік дәуіріндегі жазушылар шығармашылығын талдауға арнайтын С.Ерубаев клубының мүшелеріне алғыс білдіре отырып, клуб жетекшісі Р.Есбалаеваға университет белгісі бейнеленген символикалық кәдесый тапсырды.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games