Университет кітапханасында «Буккроссинг» әлеуметтік жобасы ашылды.

05.11.2019 ж  университеттің  Ақпараттық – ресурстық орталығында  «Social Development Center»  қоғамдық қорының  бастамасымен  «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккросингтік  әлеуметтік  жобаның ашылу салтанаты болды. Жобаның мақсаты –  кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани мәдениетті көтеру.   Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптармен  алмасу. «Буккроссинг» қоз­ғалысы кітап пен оқырман арасын жақын­датудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Ашылу салтанатында «Social Development Center»  қоғамдық қорының  директоры Б.Қазтұрғанов  және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Е.Камбар  сөз сөйлеп, осы іс-шара жөнінде таныстырылым жасап, университет басшылығына алғыстарын білдірді.     Әлеуметтік жобаның ашылу салтанасын ашу мәртебесіне  «Рухани жаңғыру» және тәрбие департаменті директоры Л.Динашева, Ақпараттық – ресурстық орталығы басшысы М.Абсеметова және координатор Ж.Аслан  мырза ие болды.Кеш соңында  кітапханаға 95 кітапты  сөресімен  сыйға тартылды. Кеш соңы өлең оқылып, ән айтылып , би билеумен жалғасты.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games