ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ

28 қазан күні Ақпараттық – ресурстық орталығы мен Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы С. Абжаловтың ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша кітапханаға келген 47 оқулықтың гуманитарлық бағыттағы 4 оқулығын таныстыру рәсімі өтті.

Іс-шараны факультеттің академиялық комитет төрағасы Б.Ауезов, білім беру бағдарламалар және әдістемелік орталығы басшысы орынбасары Ж.Шахидинұлы жүргізіп, елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні өте зор екендігін айтып, оқу бағдарламаларына енгізіліп, біздің жастарымыз әлемдегі ең үздік оқулықтардан білім алатынын жеткізді. Кітапхана қорына түскен жаңа оқулықтармен лекторлар Г.Бактыбаева «Цифрлық дәуір», Ж.Садуова «Оқыту теориясы», Д.Шауенов «Ориентализм», М.Салғараев «Panorama» дүние жүзі тарихы I-II кітаптарын жеке-жеке таныстырды.
Ақпараттық – ресурстық орталығының кітапханашысы Ә.Жақсылықова «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әр сала бойынша шығарылған 47 атаулы оқулықтардың кітапхана сайтынан электронды нұсқаларын пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Кітапханашылар К.Төребекова, А.Абдекеримова кітап көрмесін қойып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасады.

    

  

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games