Конференция қонақтары университет кітапханасында

Қыркүйек айының  19-20 жұлдызы аралығында  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ – БЕЙБІТШІЛІК, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫ-2019» атты І Халықаралық конференциясы  өткізілді. Университет ұжымы салтанатты жиынға келген Түркия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және қазақстандық профессор-ғалымдарды  құшақ жая қарсы алып,  конференцияның жоғары деңгейде өткізілуіне ат салысты.
Жиын барысында университет  кітапханасымен  танысуға ниет білдірген Моңғолиядағы «Білім және технология» университеті Орталық кітапхана директоры  доктор, профессор  Гулнар Чакерхан  ханым кітапхананың тыныс-тіршілігімен толық таныса отырып, кітапхананың жұмысын өте жоғары  деп  бағалап ,  өзінің жылы, ізгі ниеттерін «Лебіз кітабына» жазып, қолтаңбасын қалдырды.

   

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games