Кітапханада тұсаукесер өтті

Университетіміздің Ақпараттық –ресурстық орталығының конференция залында 03.05.2019 ж. кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубының белді мүшесі,  ФҚӘ-711 тобының білімгері Әлмаят Арқалықтың  «Ұмытшақ көктем» атты жыр  жинағының тұсаукесері өтті. Кеш Шымкент қаласынан  арнайы  келген  «Ұран» тобының әнімен ашылды. Жаңа туындының тұсауын кесу мәртебесі филология ғылымдарының кандидаттары, доцент Г.Жылқыбаева  және  С.Ергөбекке берілді. Шымкенттік композитор Ерсін Сіләмғазы Әлмаят Арқалықтың «Ортажүрек», «Ұмытшақ көктем» өлеңдерінің шығу тарихын қызықты етіп  баяндай отырып, кешті «Ортажүрек» өлеңіне жазған  әнімен  жалғады.  Сонымен қатар кешке  Шымкент,Тараз, Қызылорда қалаларынан  келген поэзияның жас буын өкілдері қатысты. Кеш қонақтары жас ақынға ақ жол тілеп,   ізгі  тілектерін айтып, жылы ықыластарын білдірді. Жыр кешіне керемет дайындықпен келген филология факультетінің білімгерлері жас ақынның өлеңдерін оқыды. Кеш  соңында кешке қатысушылар  автордан  қолтаңба алып, өте әсерлі  көңіл – күймен тарады.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games