Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Желтоқсан айының 14-шы жұлдызында университетіміздің Ақпараттық-ресурстық орталығында тарих-әдебиет бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастырумен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты іс-шара өткізілді.  Іс-шараны Рухани жаңғыру және ғылыми тәжірибелік орталығының директоры Динашева Ляззат ашып берді. Тарих факультетінің оқытушысы, доцент Ботақараев, Ақпараттық-ресурстық орталығының басшы орынбасары А.Нысанбаева, АРО қызметкерлері және студент-жастар қатысты. Білімгерлер О.Нұрсұлтан, Қ.Баймағамбетов «Желтоқсан құрбандары», А.Молдабаева, «Тәуелсіздік менің бақытым», Н.Қарсыбек «Желтоқсан желі» тақырыбында баяндама  – презентацияларын көрсетті. ФҚӘ-511 тобының студенттері Б.Дариға, Ж.Нұрдәулет,  Б.Мұқайдың «Өмірзая» кітабының желісі бойынша желтоқсан көтерілісін суреттеп берді.  Білімгерлер аталмыш іс-шарадан жақсы әсер алды. Кеш соңына қарай, универститет оқытушылары мен студенттері естелік ретінде кітап көрмесіне суретке түсті.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games