Рухани жаңғыру кітапханадан басталады: ашық есік күні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру-хымызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.

2018 жылы 17 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 1 курс студенттері үшін «Рухани жаңғыру кітапханадан басталады» атты ашық есік күні өткізілді. Студенттерге жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерді, қайраттылық пен жігерлілікті қажет ететін оқу жылы басталды. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алынатын күн.

Ашық есік күні шеңберінде студенттерге экскурсия ұйымдастырылып, кітапхананың құрылымы, қордың орналасу тәртібі, анықтама аппараты, мерзімді басылымдар қоры, электронды ресурстар мен мүмкіндіктері туралы айтылып, кітапханалық іс-шаралармен танысты. Соңында арнайы дайындалған «Бірінші курс студенттері, Сіздер үшін!» «Болашаққа бағдар, рухани жанғыру» ауқымды кітап көрмесіне шолу жасалып, буклеттер мен шорт парақтар таратылды. Шараға филология факультеттерінің 50-ден астам студенттер қатысты. Ашық есік күні қазан айының соңына дейін жалғасады.

 

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games