«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар таныстырылды

   13 маусым күні Мәдениет орталығының кіші залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 18 оқулықты таныстыру рәсімі өтті.

    Шара барысында университет ректоры Б.Әбдірәсілов Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні өте зор екендігін айтып, алдағы уақытта біздің жастарымыз әлемдегі ең үздік оқулықтардан білім алатынын жеткізді. «Бұл оқулықтар әлемнің көшін бастап тұрған университеттерде оқытылады. Авторлары дүниежүзіне әйгілі ғалымдар. Аударуға таңдалған еңбектерді іріктеу барысында сарапшылар көп жұмыс жасады. Нәтижесінде әлемнің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып отыр»,-деді оқу орын басшысы. Сондай-ақ, ректор Б.Әбдірәсілов, ректор өкілі М.Куталмыш жоғары білім беру жүйесіне енетін оқулықтардың тұсаукесер лентасын қиды.
Аударылған оқулықтардың мазмұны жайында университеттің белгілі ғалымдары өз пікірлерін білдіріп еңбектердің құндылығына тоқталды. Әрбір оқулыққа жеке-жеке тоқталған ғалымдар, өте құнды дүниелердің таңдап алынғандығын жеткізді. Кітаптарды таныстыру және насихаттау шарасын Ғылым және инновация департаменті және Ғылыми кітапхана ұйымдастырды.

Шараны қорытындылаған Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.Раимбердиев ғылым көкжиегін кеңейтетін оқулықтарды студенттер де оқығасын, алдағы уақытта факультет бойынша пікір алмасу ретінде жобаны насихаттау жұмысы жалғасын табатынын айтты.

Қазақ тіліне аударылған гуманитарлық ғылымдар бағытындағы бұл оқулықтар алдыңғы қатарлы әлем университеттерінің оқу жоспарына енген. Кітаптар әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылған. Жалпы таралымы 47 миллионды құрайды.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games