Алаштың ақындары ардақталды

   24 сәуір күні Ғылыми кітапхана жанынан құралған «Руханият» клубының ұйымдастыруымен «Алаштың ардақты ақындары» атты әдеби кеш өтті.
Маңызды әдеби кеш Алаш қайраткерлері Шәкәрім Құдайбердиевтің 160 жылдығына, Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының құрамында Ғылыми кітапхана директорының орынбасары А.Нысанбаева, «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С.Ергөбек, «Қазақ филологиясы» кафедрасының ф.ғ.к., доценті Ә.Толысбаева төрелік етті.
Байқау 3 жанр бойынша өтті: айтыскер ақындар сайысы, жазба ақындар жарысы, проза жанры. Сайыс нәтижесінде, проза жанры бойынша І орынды тарих мамандығының студенті А.Молдабаева, ІІ орынды ФҚӘ-711-тобының студенті А.Қалиева, ІІІ орынды Қабыл Ардақ, Серік Айжарық иеленді, Ал, поэзия жанры бойынша І орынды Нұрбек Кеңесбай, ІІ орынды Б.Қабылғажыұлы, ІІІ орынды Б.Иванова иеленді. Ақындар сайысы бойынша І орынды Кентау институты, Дайындық факультетінің білімгері Тілеубек Батыс, ІІ орынды Кентау институты, Дайындық факультетінің білімгері Оралжан Нұрлан, ІІІ орынды Инженерия факультетінің студенті Табиғат Қайрат иеленді. Қазылар алқасы І орын иегерлеріне картина, ІІ орын иегерлеріне құнды кітап топтамасын, ІІІ орын иегерлеріне қабырға сағатын, Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, «Жылдың үздік білімгері» аталымы бойынша ФҚФ-511 тобының студенті Дариға Бақберген, ФЖК-411 тобының студенті Нарғұлан Райхан, ФЖК-411 тобының студенті Үмітбек Бағдат марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games