Түркология тарланы, профессор Құлбек Ергөбек 65 жаста!

27 желтоқсан күні Ғылыми кітапхана конференц-залында Түркі тілдес халықтар кітапханасының және Ғылыми кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубының ұйымдастыруымен профессор, әдебиет сыншысы, ғалым Құлбек Ергөбектің 65 жасқа толуына орай «Атымды адам қойған соң…» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті. Бұл керемет әдеби кеш профессор Қ.Ергөбектің мерейтойына орай облыс көлемінде өткен тамаша кештің жалғасы ретінде өтті. Әдеби кешті сөз сарасын білетін журналистика мамандығының 4-курс студенті Үмітбек Бағдат жүргізді.
Шара шымылдығы ғалым туралы бейнероликтен басталып, «Сабина» бала-бақшасының талантты бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Түркістан қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов мерейтой иесіне қала әкімі Т.Мұсаевтың жолдаған құттықтау хатты тапсырып, шапан кигізді. Одан әрі ғалымның үзеңгілес әріптестері, университет профессорлары С.Садықов, Ж.Камалқызы, Б.Сердәлі, С.Елеуов, Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.Раимбердиев құттықтау сөздерін жеткізіп, профессор Қ.Ергөбектің әдебиетке сіңірген еңбегі жайлы, жақсы қасиеттері туралы айтты.
Кешке жиналған ғалымның оқырмандары, студенттер баяндама оқып, сұрақтарына тұшымды жауап алды.
Академик З.Қабдолов:«Сөз сабақтауы сүйкімді, зерттеулері әрі нақты, әрі затты, теориялық түйіндеулері ден қойғызарлық» деп баға берген түркітану тарланы Қ.Ергөбек расында шоқтығы биік ғалым. Түркітану ғылымын дамытуға, бүкіл түркі дүниесінің ортақ қазынасы «Бейсенбай Кенжебайұлының түріктану мұражайының» негізін қалап, «Түркі тілдес халықтардың кітапханасын» жасақтағаны бір төбе, үлкен мақтаныш.
Профессор Қ.Ергөбек — Парасат орденінің иегері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік стипендияның иегері, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Гуманитарлық ғылымдар академиясының, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.
Түркология ғылымының майталман ғалымдары арасында түркі дүниесіне танымал, керемет сөз зергері, көрнекті әдебиет зерттеушісі, сын сәйгүлігі деп бағаланған ғалымға лайықты құрмет көрсетілді.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games