Ғылыми кітапханадағы жылы жүздесу

20 желтоқсан күні Ғылыми кітапхананың «Әдебиет» бөлімінде Филология факультетінің оқытушылары Ә.Толыбаева, И.Досбол, Р.Есбалаеваның ұйымдастыруымен әдеби кеш өтті. Шараға әдебиетші, тарлан ақындар И.Сапарбай, Ұ.Есдәулет, Ш.Әбдікәрімов, қырғыз ақыны Д.Шарипов, «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушы-профессорлары, студенттері қатысты. Керемет кездесу кешіне Ғылыми кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубының жас ақындары да қатысты.
Кешті сыншы ғалым, профессор Қ.Ергөбек жүргізді. Кеш барысында білімгерлер Ү.Бағдат, Н.Райхан, Е.Төлеутай, Б.Дариға ақындарға сұрақ қойып, өлеңдерін оқыды. ФҚФ-611 тобының студенті Е.Төлеутай ақын Ұ.Есдәулетке «бір сұхбатыңызда ақындардың беделі түсіп бара жатыр деген екенсіз, бұған не себеп болды?» деп сұрақ қойды. Ақын Ұ.Есдәулет: «ақындардың кітаптары кітапханаға таралымының аз болып жетпеуі мемлекеттен қаржының бөлінбеуі еді, бүгінгі таңда интернет байланысы нығайып ақын өлеңдері қолжетімді» -деп жауап берді.
Кездесуге келген ақындар өз өлеңдерін оқыды. Жас ақындарда И.Сапарбай, Ұ.Есдәулеттің өлеңдерін жатқа оқыды. Қырғыз ақыны Джумахун Шарипов кітапханаға кітабын сыйлыққа берді. Қонақтар ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games