Рахманқұл Бердібай оқулары

5 желтоқсан күні Ғылыми кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген ғалым ,академик,сыншы,әдебиеттанушы Рахманқұл Бердібайдың 2 желтоқсан туған күніне орай 90 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы өтті. Кештің ашылу салтанатында Қазылар алқасының мүшелері, «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті Ж.Камалқызы, Ғылыми кітапхана директоры М.Әбсеметова, кітапхана координаторы А.Чингиз сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі. Ғылыми мектеп қалыптастырған ғалымның ізбасар-шәкірті, өлмейтұғын мол мұрасын жаңғыртушы Ж.Камалқызы: «Адалдықты насихаттайтын ғылым әлемімен нұрланатын жастардың еңбектерін оқыдым. Ұлы тұлғаны тануға деген керемет әрекеттерін байқадым. Мысалы,Бибігул «Рахмантану» пәнін өту керек, сонда ғана ғалым еңбегін, зерттеулерін терең білетін боламыз деген тамаша ой жазған. М.Қаниев Елбасының «рухани жаңғыру» дегеніміз осы егер академик тірі болса латын әліпбин сөзсіз қолдар еді деп Басқа да жастар жақсы ойлар айтқан. Ғалымның рұқсатымен көзі тірісінде кітаптарына картотека жасап, көп жұмыс істеген кітапхана ұжымына да алғысым шексіз. Ұлттың рухани қазынасынан нәр алуға талпынған жастарды көргенде қуанамын. Қадамдарың құтты болсын!» -деп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жастар жазған мақалаларының мазмұнын, идеясын айтып, арнау өлеңдерін оқыды. Сөз өнерін меңгерген білімгерлер сайысы сараптауға салынды. Байқау нәтижесінде, мақала талдау бойынша I орынды Марат Қаниев, II орынды Бибігүл Иванова, III орынды Жігер Нұрдәулет және Шәкіржан Естемес иеленді. Академик Рахманқұл Бердібай рухына арналған қара өлең оқудан І орынды Жайдарман Аманбек, ІІ орынды Арқалық Әмәлият иемденді. I, II орындарға Ғылыми кітапхана және Ж.Камалқызының демеушілігімен әрбір қатысушыға 5000 теңге қаржы беріліп, «Рахманқұл Бердібай және қазақ романы» кітабы сыйға тартылды. Шара соңында қатысушылар Ж.Камалқызы сыйлаған кітаптарға қолтаңба қойдыртты.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games