Рухты оятқан рухты шығарма

Рухты оятқан рухты шығарма

22 қараша күні Ғылыми кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» Республикалық акция аясында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Рухты оятқан рухты шығарма» атты әдеби кеш өтті.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы қорытындысында бір ауыздан «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылған болатын.

Шара мақсаты — ұлт үшін күрескен қайраткер С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын оқуға шақыру,оқырмандарды көркем шығармаға оқуға тарту. Білімгерлерді қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Ақын шығармалары арқылы оқырмандардың бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу.

Кітапхананың талантты қызметкерлері «Қамар сұлу» романынан театрландырылған көрініс қойды. Ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» романы жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикалық шығарма. Шығармашылыққа жаны жақын ұжымның жүректен шыққан қойылымы көрермен жүрегіне жол тартты, оқырмандарын баурай алды. Бұл көрініс арқылы, ұлттық идеяның жыршысы С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын оқуға шақыруды мақсат тұтқан ұжым еңбегі еш кетпеді. Қызығушылық танытқан көрермен сұрақ-жауап айдарына белсенді қатысып,оқырмандар ақын өлеңдеріне поэтикалық талдау жасады. «Қала ақынымен дала ақынының айтысы», «Алаш ұраны», т.б., өлеңдердің мазмұн-мақсатын саралаған жастар қазақ әдебиетінен терең білімдерін көрсетіп қуантты.

«Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Ж.Камалқызы керемет, от жүректі ақын мұрасын тануға келген білімгерлерге, ақын шығармаларын өнеге етуші кітапхана ұжымына алғысын айтты. Ғылыми кітапхана директоры М.Әбсеметова оқырмандарын ақын туындыларын оқуға шақырды. Сондай-ақ, Ж.Камалқызы және М.Әбсеметова әдеби кешті өткізуге атсалысқан жастарға алғыс хат табыстады.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games