Жойылу қаупі бар түркі тілдері

 18 қазан күні , Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ататүрік мәдениет, тіл және тарих қоғамының, Түрік тілі қоғамының қолдауымен «Жойылу қаупі бар түркі тілдері» атты VII Халықаралық Түркология конгресінің ашылу салтанаты өтті.

Конгреске Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы, Башқұртстан, Чувашстан, Хакасия, Тыва, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Германиядан және Қазақстаннан 100-ге жуық түрколог-ғалымдар қатысты.

Аталған іс-шараға орай, мәдениет орталығы және Ғылыми кітапхана фойесінде үш ауқымды кітап көрмесі қойылды «Тіл-халық қазынасының қайнары» атты кітап көрмесінде жойылып кету қаупі бар тілдер жайлы зерттеулер, кеңес дәуірінен кейінгі түркі тілдерінің жағдайы, жойылып кету қаупіндегі түркі тілдерінің орыс тілімен байланысы туралы қойылды. «Түркі әлемінің туын биікке көтерген Р.Бердібай» атты  кітап көрмесі үш бағытта жасалынды, академиктің фольклор саласына байланысты еңбектері қойылса, түркі дүниесіне байланысты «Түбі бір түрікпіз», «Байкалдан Балқанға дейін» т.б. кітаптары қазақ-түрік тілінде, академик туралы жазылған конференция материялдары мен мақалалары қойылды. ХХ ғасыр басында жарық көрген бірнеше көне басылымдар, түркітанушы Р.Бердібайдың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі, келген түрколог-ғалымдарды қызықтырды.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games