Кітапхана-рухымның мекені

13 қазан күні Ғылыми кітапхананың конференц-залында 15 қазан-Кітапханашылар күніне орай «Кітапхана – рухымның мекені» атты мерекелік шара өтті.  Кешті Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент, профессор Н.Ажиханов, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор  М.Топлу  кітапханашыларды  мерекелерімен  құттықтап,  кітапхананың  бірқатар  қызметкерлеріне  университет  президенті У.Әбдібековтың  Алғыс  хатымен  марапаттады.

Ғылыми  кітапхана  директоры М.Әбсеметова кітапхана жұмысын жаңа сатыға көтеріп, қыруар жұмыстар атқарып жүрген кітапханашыларға алғысын білдірді. Алдағы уақытта Ғылыми кітапхананың республика деңгейінде ірі кітапханалар қатарынан көрінуіне орай жасалатын жоспарлар барын да айта кетті.

Концерттік  бағдарламада   кітапхана  қызметкерлері  өнер  көрсетіп, Флешмоб, ән, би  кеш  көркін  қыздырды. Кітапхана туралы бейне көріністен кейін кітапхана қызметкерлері ерекше серпілісте болды.Соңында  кітапханашылар гимнін хормен тамаша  орындап аяқтады.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games