Expo тартуы

Санаулы күндерден кейін, яғни 2017 жылдың 10 маусымында тәуелсіз Қазақстанның елордасы ару Астанада тұнғыш рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанаты өтіп, Сарыарқа төсінде ресми түрде әлемнің 115 мемлекеті мен 20 халықаралық ұйымның жалауы желбірейтін болады. Айтулы көрмеге Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми кітапхана қызметкерлері сәулет өнерінің озық үлгісі – Сфера макетін ЭКСПО-2017 «символын» дайындап, кітапхана фойесіне әсемдеп безендірді. Кітапхана қызметкерлерінің қолынан шыққан кітаптан жасалған «сфера» алыстан көз тартып, кітапхана сәнін ашып, көрменің нақыштарын танытып тұрғандай. Кітаптардан ЭКСПО-2017 деп көркемдеп жазылды.

Ғылыми кітапхана ұжымы оқу ордамызда білім алатын түрлі ұлт және ұлыс өкілдеріне, білімгерлерге, келген қонақтарға «Электр энергиясы» мен «Жасыл ел» бағдарламасын насихаттап, дәріптеу үшін осындай мерекелік макет дайындады.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games