Құт қонған кітапхана

12 сәуір күні Ғылыми кітапхана ұжымы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Ұлттық киім киген арулар қарсы алған кітапхана фойесінен нағыз мерекелік қуаныштың лебі сезілді.

Кітапхана ұжымы Наурыз мерекесін ауызбіршілікпен тойлауды берік дәстүрге айналдырған. Еңбек ұжымы биылғы Наурыз мейрамына да жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.

І вице-президент, профессор М.Куталмыш ұжымды, қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрі дәріптелген «Тұсаукесер» рәсіміне алғаш қатысып отырған М.Куталмыш тәй-тәй басқан сәбидің тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Бүлдіршіннің ата-анасы профессорға кәде ретінде шапан жапты.

Қуаныш пен шаттық мерекесіне келген қонақтар ақ дастархандағы ұлттық тағамдардан, наурыз көжеден дәм татты. Қыдыр ата кейпіндегі кітапхана бағдарламашысы Б.Қадырақын ақ батасын беріп, құран оқыды.
Қонақтарға жылы шырай, ыстық ықылас танытып жүрген кітапхана директоры М.Әбсеметованың қарамағындағы ұжым ұйымшылдығы сүйсіндірді.

Сондай-ақ, кітапханаға келген барлық оқырмандар наурыз дастарханынан дәм татып, алғыстарын айтып, музыкалык сәлемдерін жолдады.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games