Оқу залындағы библиографиялық шолу

5 сәуір күні ХҚТУ Ғылыми кітапханасы, «Жалпы бөлім» оқу залының ұйытқы болуымен «Қожа Ахмет Ясауи атындағы оқу залының» ашылуына байланысты библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – «Қ.А.Ясауи атындағы оқу залына» қойылған кітаптармен таныстыру.

Шарада вице-президент, профессор М.Эрен, Түркістан қалалық білім бөлімінің оқу әдіскері А.Ақжанов, «Дінтану» кафедрасының т.ғ.к., доценті З.Жандарбек, Түркология ҒЗИ директоры С.Дағыстан сөз сөйлеп, қайырымды көп оқырман тіледі.
Ауқымды кітап көрмесіне және ТҮРКСОЙ мекемесінен сыйға тартылған кітаптарға кітапханашы К.Төребекова библиографиялық шолу жасады. Жаңа кітаптардың қысқаша мазмұнын сипаттап, көркем құндылықтарын баяндады. Студенттер Ясауи хикметтерінен үзінділер оқыды.

Оқу залындағы кітап қорына Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыздың сыйлыққа берген кітаптары мен SD дискілері қойылды. Сонымен қатар, Өкілетті Кеңес тарапынан сыйлық ретінде «Ахмед Ясауи», Ф.Көпрүлүның «Түркі әдебиетінде алғашқы сопы-ақындар» атты екі кітап беріліп, осы кітаптарды еліміздегі ірі жоғарғы оқу орындарына сыйға тарту ұйғарылды. Осы іс-шара аясында вице-президент, профессор М.Эреннің мұрындық болуымен Түркістан қалалық білім бөліміне 146 данасы сыйға берілді.
Шара соңында Ғылыми кітапхана директоры М.Абсеметова келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games