«Наурыз» мейрамы тойланды

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі де жақындап қалды. Айтулы мерекеге әр ұжым барынша дайындалып күтетіні белгілі.
ХҚТУ Ғылыми кітапхана қызметкерлері де Наурыз «символын» дайындап, кітапхана фойесін әсемдеп безендіріпті. Әсемдікке, әдемілікке құмар нәзік жандар қолынан шыққан бұл кітаптан жасалған киіз үй алыстан көз тартып, кітапхана сәнін ашып, «Наурыз» нақыштарын танытып тұрғандай.

Кітаптардан «Наурыз» деп көркемдеп жазып, ақшаңқан киіз үйдің де сұлбасын сұлуландыра қалапты. Ұлттық нақышта ою-өрнектермен безендірілген киіз үй маңдайшасына екі бауырлас елдің туы ілінген. Ою-өрнектеріне дейін университет эмблемасымен, екі ел туларымен түстес алынған. Киіз үйдің іші салт-дәстүрге байланысты түс киіз, сандық, көрпеше, домбыра, асық, т.б, заттармен жабдықталған.
Ғылыми кітапхана ұжымы оқу ордамызда білім алатын түрлі ұлт және ұлыс өкілдеріне, білімгерлерге, келген қонақтарға «Наурыз» мейрамын насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеу үшін осындай мерекелік макет дайындаған.

Сондай-ақ, Ғылыми кітапхананың «тарих» бөлімінің оқу залында «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» атты 3 бөлімнен тұратын ауқымды, кітап көрмесі қойылды.

Бірінші бөлімде Түркістанның тарихы мен мәдениеті, екінші бөлімде Түркістанның тарихи жазба деректері мен көне жәдігерлерінің зерттеулері жайындағы кітаптар. Үшінші бөлімде Түркі әлемінің түріктанушы ғалымдарының еңбектері қойылды. Ғылыми кітапханаға келген білімгерлер үшін арнайы «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» атты библиогрофиялық шолу жасалынды.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games