Kütüphane Yönetim Haberler Bilimsel yayınlar Sohbet botu

Tüm haberler

Kütüphane haberleri ve etkinlikleri

КІТАПХАНАДА «АҚПАРАТ КҮНІ» ӨТТІ

15.01.2025 TR 35
КІТАПХАНАДА «АҚПАРАТ КҮНІ» ӨТТІ

Бүгін университетіміздің кітапханасында «Ақпарат күні» өтті. 

Басты мақсат – кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстыру.

Аталған шараға білім беру бағдарламасының талаптары негізінде кафедралардан берілген ұсыныстар бойынша сатып алынған кітаптармен танысуға оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.

Кітапхана жаңа оқулықтармен толықты. Атап айтқанда, «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Экономика, басқару және құқық», «Стоматология», «Медицина» факультеттерінің сұранысы бойынша – 1200 кітап сатып алынды.

Айта кетейік, алдағы уақытта кітапхана қорына «Спорт және өнер» және «Теология» факультеттерінің сұранысындағы кітаптар қосылады.


 

Paylaş:
HABERLER