Ғылыми метрикалық көрсеткіштер
Ғылыми метрикалық көрсеткіштер – авторлардың немесе ұйымдардың жарияланымдық белсенділігінің, журналдың ғылыми беделділігіне қарай жарияланымдары маңыздылығының индекстері. Бұл ғылыми көрсеткіштер авторлар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің жай-күйі мен даму болашағын бағалау үшін, оларды әр түрлі рейтингтерде салыстыру және саралау үшін пайдаланылады.
Бүгінгі таңда көптеген халықаралық дәйексөз жүйелері (библиографиялық қорлар) бар: Web of Science, Scopus, Astrophysics, PubMed, Mathematics, Chemical Abstracts, Springer және т.б. Қолданыстағы халықаралық дәйексөз жүйелерінің ішінде индекстері бүкіл әлемде мойындалатын ең беделді болып Web of Science және Scopus жүйелері саналады. Бұл жүйелерге кірген журналдарды ресми түрде ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мойындайды.
Web of Science – жетекші халықаралық жарияланымдар туралы ақпарат берілген ақпараттық-сараптамалық платформа. Оның тарихы ғылыми өлшем ілімінің іргетасын қалаушы Юджин Гарфилд басшылығымен Institute of Scientific Information (ISI) 1964 жылдан бері шығарып келген Science Citation Index ғылыми дәйексөз алу индексінен басталады.
2017 жылы Clarivate Analytics тәуелсіз компаниясы ISI дәстүрлерін жалғастырып, ғылыми-техникалық ақпараттың толық циклына арналған құралдарды жасауға кірісті. Web of Science Clarivate Analytics-тің басты ақпараттық платформаларының бірі болып қалып, әрі қарай дамуын жалғастыруда.Бүгінгі таңда көптеген халықаралық дәйексөз жүйелері (библиографиялық қорлар) бар: Web of Science, Scopus, Astrophysics, PubMed, Mathematics, Chemical Abstracts, Springer және т.б. Қолданыстағы халықаралық дәйексөз жүйелерінің ішінде индекстері бүкіл әлемде мойындалатын ең беделді болып Web of Science және Scopus жүйелері саналады. Бұл жүйелерге кірген журналдарды ресми түрде ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мойындайды.
Web of Science – жетекші халықаралық жарияланымдар туралы ақпарат берілген ақпараттық-сараптамалық платформа. Оның тарихы ғылыми өлшем ілімінің іргетасын қалаушы Юджин Гарфилд басшылығымен Institute of Scientific Information (ISI) 1964 жылдан бері шығарып келген Science Citation Index ғылыми дәйексөз алу индексінен басталады.
Web of Science Core Collection-ге кіретін дәйексөз алу индекстері:
- Science Citation Index Expanded, мұрағаты 1975 жылдан бастап
- Social Sciences Citation Index, мұрағаты 1975 жылдан бастап
- Arts & Humanities Citation Index, мұрағаты 1975 жылдан бастап
- Emerging Sources Citation Index, мұрағаты 2015 жылдан бастап
- Conference Proceedings Citation Index, мұрағаты 1990 жылдан бастап
- Book Citation Index, мұрағаты 2005 жылдан бастап.
Орыс тіліндегі ақпараттық порталы: http://info.clarivate.com/rcis
Мұнда сіздер Clarivate Analitics өнімдері туралы толығырақ ақпарат алып, Web of Science платформаларымен жұмыс істеуді үйрететін бейнебаяндарды көріп, дәйексөз алу индекстері туралы және басқа да пайдалы ақпаратты біле аласыздар.
БД Web of science-қа (https://apps.webofknowledge.com) ұлттық жазылым бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және университет кітапханасынан қол жеткізуге болады. Бұл платформаның мүмкіндіктерін біздің сайттан біле аласыз.
Scopus деректер қоры туралы біздің сайттан http://cabim.ulakbim.gov.tr/ekual/e-veri-tabanlari/ сілтемесі бойынша өтіп, толығырақ пайдалануға болады.
Әрбір нақты ресурста дәйексөз индексін есептеу осы ресурста дәлме-дәл (ақпарат көздері) негізінде жүзеге асырылады, сондықтан сол автордың әртүрлі ресурстарға сілтемелері әр түрлі болуы мүмкін.
Импакт-фактор дегеніміз не?
Импакт-фактор журналдарда жарияланатын жұмыстардың өнімділігі және дәйексөзге келтірілуі арқылы, яғни журналдың ғылыми танымалдығы арқылы сапасын көрсетеді.
Импакт-фактор дәйексөз алынатын материалдардан:
мақалалардан;
сын-пікірлерден;
конференция материалдарынан;
техникалық ескертпелерден;
толықтырулардан құралады.
Импакт-факторды анықтау кезінде:
баспаның ескертпелері;
талқылаулар;
түсініктемелер;
жұмыстық кездесулер;
кітап шолулары;
жаңалықтар;
хаттар (мақала хаттардан басқасы) ескерілмейді.
Дәйексөз алу индексі (дәйексөз алудың жиынтық көлемі, Хирш индексі, т.б.).
аталған автордың жазған мақалалары басқа авторлардың жұмыстарында қанша рет дәйексөзге алынғанын көрсетеді.